Жалпы мағлұматтар. Микробиологияның негізгі мақсаттарының бірі қандайда бір субстраттағы микроорганизм санын (КТБ – колонатүзгіш бірліктерді)

Микробиологияның негізгі мақсаттарының бірі қандайда бір субстраттағы микроорганизм санын (КТБ – колонатүзгіш бірліктерді) анықтау болып табылады. Дегенмен, барлық берілген субстратіде тіршілік ететін микроорганизмдер анықталатын әмбебап орталар жоқ. Неміс ғалымы Р. Кох микроорганизмдер, қолданылатын органикалық құрамында азоттық қоспалар жақсы дамитынет сорпасынегізінде біршама әмбебап ортаны ұсынды.

Кешірек микробиология тәжірибесіне С. И. Виноградскимен микроорганизмдердің белгілі бір тобына арналған элективті, немесе таңдаулы орталары енгізілді. Олар, тек таңдаулы микроорганизм ғана дамуы қажет шекті қатаң шартқа есептеліп құрылған. Элективті орталардың негізгі принципі – дамудың өзгеше жағдайында микроорганизмнің таңдау қажеттіліктерін ескеру. Микроорганизмдердің сәйкес тобының физиологиялық ерекшеліктерін біле отырып, тек ортаның химиялық құрамын ғана таңдап қоймай, мекендеудің табиғи шартының экологиялық қуысының зертханалық еліктеуді тудыртатын культивирлеу жағдайларын да (ортаның белсенді қышқылдылығын, аэрациялау шартын, температураны және т.б.) таңдауға болады. Элективті орталар ортаны алдын-ала стерилдеусіз зертханаларда және өндірісте биологиялық үрдістерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Элективті орта үлгісі ретінде азотбелгілегіштерді, нитрификаторларды бөліп алуға арналған орталар қызмет ете алады. Бұл орталарды, табиғи мекендейтін жерлерден микроорганизмдерді бөліп алу және олардың жинақ дақылдарын алу үшін қолданады.

Жинақ орталар голлан ғалымы М. Бейеринкпен ұсынылған болатын. Оларда, қандай микроорганизм немесе микроорганизм тобы ортаны пайдаланатынын анықтау үшін зерттеушіні қызықтыратын орта компоненті артығымен беріледі, сондай-ақ, дәл солар осы ортада басым болады.

Оптимады орталарды целлюлозаны бұзатын микроорганизмдер үшін А. А. Имшенецкий, Aspergillus niger лимон қышқылы продуценті үшін В. С. Буткевич ұсынды. Оптималды орталардың негізгі принципі өсуіге жағдай жасайтын қосымшаларды (дәрумендердің, өсінді заттардың, микроэлементтердің) енгізе отырып, таңдаулы микроорганизмдер үшін аса қолайлы жағдай жасау.



Орта құрамы бойынша екі топқа бөлінеді: табиғи және синтетикалық.

Табиғидепәдетте, күрделі анықталмаған химиялық құрамы бар жануар немесе өсімдік тектес өнімдерден тұратын орталарды айтады. Бұл - өсімдіктің әр түрлі бөліктері, жануар талшықтары, уыт, ашытқы, көң, теңіз, көл және минералды көз сулары. Оларды жиі экстракт немесе тұнба түрінде қолданады. Табиғи орталарда көптеген микроорганизімдер дамиды, себебі, онда өсуге қажетті барлық компоненттер болады. Дегенмен, белгілі емес құрамдық орталар микроорганизімдердің алмасымының физиологиясын зерттеуга аз жарамды, себебі, ортаның бірқатар компоненттерін тұтынуды ескеруге, сондай-ақ, микроорганизімдер қандай заттар түзілетінін анықтауға мүмкіндік бермейді. Көрсетілген кемшіліктер мынаған байланысты: табиғи ортаның құрамы өте күрделі және тұрақсыз, себебі шикізат түріне және дайындау әдісіне байланысты едәуір ауытқып тұрады. Бұл микроорганизмдердің өсуіне байқаулы әсер етеді. Табиғи орталарды ең алдымен микроорганизм дақылдарын қолдау, олардың биомассасын жинау және диагностикалық мақсат үшін пайдаланады.

Синтетикалық—құрамына концентрациясы дәл көрсетілген тек белгілі химиялық таза қоспалар кіретін орталар. Синтетикалық орталар қарапайым және құрамы бойынша жеткілікті күрделі болады. Оларды, микроорганизімдердің зат алмасымын зерттеумен байланысты зерттеулермен кеңінен қолданады.



Құрамы анықталмаған орталарға жататын жартылайсинтетикалық деп аталатын орталар да болады. Оларға белгілі химиялық табиғатты қоспалармен қатар құрамы анықталмаған заттар кіреді. Мысалы, ет сорпасына күрделі және химиялық құрамы бойынша анықталмаған заттарымен (ет сорпасы) қатар пептон, глюкоза немесе сахароза, ас тұзы, калий фосфаты; картоп орталарында глюкоза және пептон кіреді. Жартылайсинтетикалық орталарды микробиологиялық тәжірибеде дәрумендерді, антибиотиктерді, аминоқышқылдарын және басқа да тіршілік ету микроорганизмдерінің өнімдерін алу үшін кеңінен қолданады.

Қоректік орталар әр түрлі консистенциялы болады: сұйық, тығыз, жартылай сұйық.

Тығыз қоректік орталарбактерия мөлшерін, таза дақылдардың бөлінуін және басқа мақсаттарды ескеру үшін пайдаланылады. Мұндай орталарды 1,5—2,5% агар немесе 10—15% желатин қоса отырып сұйықтан дайындайды. Жартылай сұйық орта дайындау кезінде 0,1-0,2% агар қосады..

Агар— кейбір теңіз балдырларынан алынатын өсімдік коллоиды. Оның құрамына ең бастысы полисахаридтер, сондай-ақ, азотты заттардың болмашы мөлшері кіреді. Агарды пластина, сабақ, ұнтақ түрінде шығарады. Көптеген микроорганизімдер оны субстрат ретінде пайдаланылмайды, сондықтан агар ортаның инертті нығыздағышы ретінде қолайлы. Агардың еру температурасы — 1000С, қатаю температурасы — 40 0С.

Желатин — сүйектерді, шеміршекті, сіңірді балық қабыршығын қайнату арқылы алатын қышқыл құрамында азоты бар өнім. Желатинаның балқу температурасы (22—25 °С), көптеген микроорганизмдерді инкубациялау температурасынан төмен (30—37 °С). Көптеген микроорганизімдердің протсолитикалық ферменттерді бөле отырып желатинаны ыдырату бұл ерекшелігі мен қабілеті оны нығыздаушы құрал ретінде пайдалануды шектейді.

Тығыз қоректік орта ретінде сондай-ақ, С. Н. Виноградскимен микробиологиялық тәжірибеге енгізілген гелді пластиналар да қызмет етеді.

Азоттың органикалық қасиетін сіңіретін микроорганизімдерді өсіру үшін жиі етті-пептонды орталар: етті-пептонды сорпа, етті-пептонды агар және етті-пептонды желатин қолданылады.


5293820851182673.html
5293881653240025.html
    PR.RU™